ЛГБТ қауымдастығына қарсы аналар Алматы әкімдігінің алдына барып, талаптарын қойды. Ата-аналар одағының мүшелері 2 шілде күні бейбіт митинг өткізуге өтініш қалдырды.
Бір жынысты қарым-қатынасты насихаттап жүрген топ өкілдерінің көзқарасы толық қалыптаспаған жастардың санасын улап жатыр деген олар дәл 1 маусым – балаларды қорғау күні қарсылық акциясын ұйымдастыруды жөн көріпті. Бұл туралы «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасында айтылды.
Ата-аналар одағы мүшелерінің бас қосып, әкімдікке келуіне Шымкент қаласындағы даулы оқиға да себеп болған. Яғни олар, бір жынысты қарым-қатынасты ашық не жасырын насихаттауға заңмен тыйым салыну керек деп есептейді. Әрі, ЛГБТ өкілдерін қорғайтын қосымша заң қабылдау – ел тамырына балта шабумен пара-пар деп отыр. Себебі бұған дейін түрлі мағынадағы ұран жазып, шеру өткізгенде арасында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер де болды дейді. Ата-ана бұл әрбір бозбала мен бойжеткенге бейсаналы түрде әсер етіп, қабылдауын өзгертуі мүмкін деп қорқатындарын айтады.
Әкімдік алдына жиылған бір топ ананың талабын тыңдауға шенеуніктер де шықты.
«Бұл мәселе парламентте көтерілуі керек. Бұл мәселені тоқтату керек. Біз оларды көшіріп тастаңдар, шығарып тастаңдар, қамап тастаңдар, өлтіріңдер деп жатқан жоқпыз. Тек қана бізге мына ашық және жасырын түрдегі насихаттарын доғарсын, тоқтатсын», – деді Ата-аналар одағының мүшесі Бағила Балтабаева.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024