Егер Қазақстан Ресейдің ұсынысын қабылдап, өз территориясында атом электрстанциясын салу турал шешім қабылдаған жағдайда оның қай жерге салынуы мүмкін екені белгілі болды. Атом электрстанциясына Алматы облысынан жер бөлінген, деп жазады tengrinews.kz
«Алматы облысы Үлкен кентінен алаң қарастырып қойдық. Атом электрстанциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Әзірге тек жерді қарастырып қойдық, бізге келетін технологияны таңдаймыз. Бұл қосымша зерттеуді талап ететін нәрсе. Қалай болғанда да Ресеймен арадағы ұзақ жылғы байланыс және уран өндіру бойынша ортақ жобаларды есепке алсақ… Бұл өзі күн тәртібінде тұрған мәселелер. Сондықтан бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Бірақ АЭС салу туралы нақты шешім қабылданған жоқ» депті энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.
Қайыра айтсақ, президент Қ.Тоқаев пен Ресей президенті В.Путиннің кездесуі барысында Путин Қазақстанда АЭС салу туралы ұсыныс айтқан еді.