Алматыда №123 бағытындағы жолаушылар автобусы «Mega» ойын-сауық орталығының қабырғасына соғылды. Оқиға кезінде автобус екі жаяу жүргіншіні қағып, тағы екі көлікпен түйісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға 27 ақпан күні кешкілік қаладағы Сейфуллин және Мақатаев көшелерінің қиылысында, MEGA Park сауда, ойын-сауық орталығының маңында болды.
Жол апаты салдарынан бес адам зардап шекті: екі жаяу жүргінші, автобус жүргізушісі мен автобус соғылған көліктің жүргізушісі және жолаушысы аурухағана түсті. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орта ауырлықта.
Алдын ала болжамдар бойынша автобус жүргізушісінің жағдайы нашарлап, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Алматы электротранс өкілдері жүргізуші жұмысқа демалыстан кейін шыққанын, ауысым алдында медициналық тексерістен өткенін мәлім етті.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024