
Алматы облысында су тасқыны жағдайына байланысты күнделікті мониторинг жүргізілуде. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жаңадан әзірленген «Tasqyn» ақпараттық жүйесі енгізіліп, мамандар арнайы оқытылуда. Бұл жүйені Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген.
Облыста су деңгейін бақылау үшін 42 гидропост орнатылды, оның ішінде 27-сі «Қазгидрометке», ал 15-і «Қазселденқорғау» мекемесіне тиесілі. Бақылау нәтижесінде өзен арналарының су өткізу қабілеті тұрақты екені анықталды. Аймақтағы «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» су қоймаларында су толтыру штаттық режимде жүргізілуде. Бүгінде су толтыру деңгейі 31%-дан 92%-ға дейінгі көрсеткіштерді құрайды: Бестөбе – 30,5% Күрті – 53,9% Бартоғай – 78,3% Қапшағай – 92,6% Қалған су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп, тұрақты мониторинг жүргізілуде. Облыстың 4 ауданында су тасқыны қаупі жоғары деп танылған 13 учаске анықталды. Бұл аймақтарда 11 мыңнан астам тұрғын үй және 34 мыңнан астам адам тұрады.
Су тасқыны қаупін азайту үшін келесі жұмыстар атқарылды: 63,6 км арық пен 30 км канал тазартылды. 78 су өткізу құбыры (автомобиль және теміржол астындағы) қалпына келтірілді. Елді мекендерден қар шығару үшін 6 арнайы орын белгіленді, мердігерлік ұйымдармен келісім жасалды. 17 мың м³ қар шығарылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары аудандар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін облыста 1136 маман және 347 арнайы техника дайындалды. Оның ішінде: 155 бірлік – трактор, бульдозер, экскаватор 108 бірлік – кран, тиегіш, самосвал 65 бірлік – эвакуациялық техника 19 бірлік – жоғары өтімді техника (трекол, УАЗ, т.б.) 130 мотопомпа, 36 жүзу құралы 8,2 мың тонна инертті материал, 81,5 мың қап 76 тонна жанар-жағармай (48 тн бензин, 28 тн дизель отыны) Барлық техниканың дайындығы тексерілді.
Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының шекаралас аудандарындағы өзендердің деңгейі ерекше бақылауға алынды. Облыстың төтенше жағдайлар қызметтері барлық аудандар мен қалалар әкімдіктерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде алдын алу шаралары күшейтіліп, бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда.
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025