27-05-24 |
12650 рет қаралған
Алматыда тағы бір заңсыз нысан бұзылды.
Алматыда тағы бір заңсыз нысан бұзылды

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылым бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.

2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында талап қою қызметінің нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап қала бойынша 35 заңсыз нысан толықн немесе жартылай бұзылды, оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.