22-03-19 |
4530 рет қаралған
Қарағанды шахтерлері Тұңғыш президент – Назарбаевқа үндеу жолдады: Сізге сеніп келдік.
Қарағанды шахтерлері Тұңғыш президент – Назарбаевқа үндеу жолдады: Сізге сеніп келдік

Қарағанды шахтерлері Қазақстанның Тұңғыш президенті, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, құрметті сенатор Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады. 3053 шахтер қол қойған үндеуде: «Аса құрметті Елбасы! Қарағанды облысының шахтерлері қашанда Сіздің тірегіңіз. Біз әрқашан тек қана Сізге сеніп келдік. Сізге сенуге болатынын сан мәрте ісіңізбен дәлелдедіңіз. Сіз еңбек адамын жете түсіндіңіз, өйткені өзіңіз де еңбек адамысыз. Сіздің президенттік өкілетіңізді тапсыру туралы шешіміңізді естіп, көңіліміз құлазыды. Бізге ұзақ уақыттан бері көрсетіп келген қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Сіз әрдайым ең қиын сәттерде бізбен бірге болдыңыз. Біз үнемі Сіздің қамқорлығыңызды сезінеміз. Біз әрқашан Сіздің бағытыңызды қолдаймыз. Біз еліміздің жүрегі – елорданы Нұр-Сұлтан деп аталғанын қолдаймыз. Біздің ауыр еңбегімізді үнемі жоғары бағалағаныңыз үшін Сізге тағы да алғыс айтқымыз келеді. Сізге мықты денсаулық және амандық тілейміз» делінген.

Шахтерлердің үндеу 21-наурызда ҚазАқпаратта жарық көрді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-наурызда парламентте ант қабылдап, сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Астана қаласына беру туралы ұсыныс айтқан еді. Содан бері республиканың әр жерінен президенттің ұсынысын қолдаушылар қарасы көбейіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.