Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап, «Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер атап өткендей, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалды.
Облыс тұрғындарын ықтимал қауесеттер мен арандатушылықтарға сенбей, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 17 тамыз күні Қарағанды облысындағы 227 кеншісі бар «Казахстанская» шахтасы өртенген болатын.
Arasha.kz
ФОТО: astanatv.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024