2023 жылғы 4 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 қатысушысы ұсталды. Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қарулар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің бас пайдалары үшін бейбіт азаматтарды қорқытқандары белгілі болды. Өз кезегінде жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген. Аталған топтар бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған – делінген хабарламада.
Қылмыстық топ мүшелері бір-бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып қақтығыстарға барғандары белгілі болды.
Іске асырылған шаралар өңірдегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді деп күтілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр – дейді баспасөз қызметі.
Arasha.kz
ФОТО: ҰҚК
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024