Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Оқжетпес көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде Ш.Бөкеев көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, биыл 20-30 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қожғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.