Алматыда жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы.
2024 жылы Алматыда негізгі капиталға шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7% – ға), көлікке (37,5% – ға), денсаулық сақтауға (31,3% – ға) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2% – ға ұлғайды.
Бұл өсу динамикасы инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шамамен 90% – ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі 6,2%.
Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несиелікк рейтингін, «Тұрақты» болжамы растады.
Жалпы қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарлануда.
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025