21-07-21 |
2620 рет қаралған
Ақтауда қаза болған сотталушы 11 жыл абақтыда отырған.
Ақтауда қаза болған сотталушы 11 жыл абақтыда отырған

Ақтауда қиранды астында көз жұмған сотталушының туыстары жақындарының денесін әлі алмаған. 11 жыл абақтыда отырған ағасының сегіз айдан кейін бостандыққа шығу керек болғанын айтқан қарындасы қайғылы қаза үшін абақты басшыларының жауап беруін талап етті.

«Менің ағам қайтыс болды. Денесін әлі көрген жоқпыз. Түрмеде асханада жұмыс істейтін. 11 жыл қызмет етті, бостандыққа шығуына сегіз ай ғана қалып еді. Ол түрмеге сап-сау күйінде түскен. Солай шығуы керек еді. Бұл ғимаратты жөндеуге ақша жиналды! Ол ақша қайда кетті?», – дейді марқұмның туысы Зейнеш.

Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

«Жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі туралы туыстарына хабарлайтын боламыз. Әрқайсысымен жеке сөйлесеміз. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға ІІМ-нің ерекше бақылауында. Қазір мамандар колония аумағындағы барлық ғимараттарды зерттеп жатыр. Ол жақта 700-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Ғимараттың құлауына не себеп болғанын тергеу анықтауы керек”,– дейді Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Азат Садуов.

Ал ауруханада жатқан зардап шеккендерді ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен ҚАЖ комитетінің басшысы көріп қайтты. Дәрігерлердің қарауынан кейін төрт тұтқын амбулаториялық емдеу үшін колонияға қайтарылды. Оларға туыстарымен видео байланыс арқылы қоңырау шалуға рұқсат етілді.

«Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Біреуі реанимацияға жіберілді. Қазір ол аппаратта, жағдайы ауыр. Үш науқасқа да көмек көрсетілді. Олар емдеуді толық көлемде алады. Негізінен, жарақаттар: бас миының шайқалуы, жабық бассүйек-ми жарақаты, өкпенің соғылуы, аяқ-қолдардың сынуы», – дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.