08-04-20 |
1770 рет қаралған
Үкімет Қостанайдан өтеусіз негізде кімдерге жекеменшікке жер бермекші?.
Үкімет Қостанайдан өтеусіз негізде кімдерге жекеменшікке жер бермекші?

фото: atameken.kz/

Үкімет еуразиялық экономкалық одақ – ЕАЭО мүше-мемлекеттерінен инвесторлардың қатысу үлесі бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға өтеусіз негізде жер учаскелерін меншікке беру мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Осы мақсатта үкімет «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Қаулы жобасына қоса берілген түсіндірмеде: «Бұл шара жиынтық құны 106,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға және одан әрі қолдауға оң әсер етеді» делінген. Ал ол қандай инвестициялық жобалар десеңіз, мінекей: «1) Қостанай қаласының Индустриялық аймағында қуаты жылына 86 мың бірлікке дейін жетекші Көпірлер мен өзге де компоненттердің редукторлары өндірісін құру – 66,4 млрд. теңге. Жобаның операторы «Tobolkz» ЖШС болып табылады, жоба аясында зауытты пайдалану кезеңінде 360 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 2020 жылдан 2022 жылға дейін 100 жұмыс орны уақытша құрылатын болады.

2) Қостанай қаласының Индустриялық аймағында қуаты жылына 40 мың тонна шойын құю өндірісін құру – 40 млрд теңге. Жобаның операторы «KamLitKZ» ЖШС болып табылады, жоба аясында зауытты пайдалану кезеңінде 197 білікті жұмыс орнын құру жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 2020 жылдан 2022 жылға дейін 100 жұмыс орны уақытша құрылатын болады. Екі жоба да 95% экспортқа бағытталған» екен.

Еуразиялық экономикалық одақ экс-президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған ұйым. Ұйымға бес ел – Ресей, Қазақстан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан мүше. Енді біздің үкімет осы ұйымға мүше-мемлекеттерден инвесторлардың қатысу үлесі бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға өтеусіз негізде жер учаскелерін меншікке бермекші.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.