Павлодардағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы ту жыртық-жыртық күйінде ілініп тұрғанын павлодарлық журналист Есенбек Санатұлы өзінің facebook парақшасына жазады.
«Неткен жаман ырым.
Павлодардағы жалғыз даңғыл жақында «Тәуелсіздігінен» айырылып еді, енді даңғыл бойындағы мемлекеттік байрағымыздың дал-дұлы шығыпты. Тиісті органдар Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы туды қашан ауыстырар екен? Аяқ астынан Президент келіп қалып жүрсе…» -дейді журналист.
Еске салсақ үстіміздегі жылдың наурыз айында еліміздегі бірқатар қалалардағы негізгі көшелердің аттары өзгеріп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің аты берілген. Солардың бірі Павлодардағы Тәуелсіздік даңғылы Н. Назарбаевтің атына өзгертілген еді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024