Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өз парақшаында жазды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады – деді ол.
Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды.
Arasha.kz
ФОТО: Ақорда
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024