26-06-23 |
760 рет қаралған
Қаңтар оқиғасы. Сейітқұловтар отбасын қырып салған әскери 7 жылға сотталды.
Қаңтар оқиғасы. Сейітқұловтар отбасын қырып салған әскери 7 жылға сотталды

Талдықорғанда сот Қаңтар оқиғасы кезінде Сейітқұловтар отбасын атып өлтірген әскери қызметкерді 7 жылға соттады.

Алматы гарнизоны әскери соты Сейітқұловтар отбасының өлімінен кейін билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деп айыпталған (ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі) әскери қызметші Данияр Егембаевты жеті жылға бас бостандығынан айырды, – делінген дүйсенбіде шыққан сот шешімінде.

Еске салайық, 8 қаңтарда Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қыздары Нұрай Оразыхан Талдықорған қаласында кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған.

Қайғылы оқиға болған күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Бұл кезде қала аумағында коменданттық сағат енгізілген еді.

Arasha.kz

ФОТО: Vladimir Tretyakov

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.