15-08-23 |
1160 рет қаралған
Қарин: Ауыл әкімін сайлау – елдің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды.
Қарин: Ауыл әкімін сайлау – елдің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды. Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Үміткерлердің 75 пайызын саяси партиялар ұсынса, қалған 25 пайызы өзін-өзі ұсынушылар – деді ол.

Сондай-ақ ол сайланған әкімдердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармағанын атап өтті.

Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз. Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарды». Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады. Солайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды – дейді Мемлекеттік кеңесші.

Arasha.kz

ФОТО: qazaly.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.