17-08-23 |
12940 рет қаралған
Қоғам белсенділері АЭС салуға қарсылық білдірді.
Қоғам белсенділері АЭС салуға қарсылық білдірді

Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросында өткен баспасөз мәслихатында қоғам қайраткерлері Алматы облысының Үлкен ауылында Атом электр станциясының салынуына қарсылық білдірді.

Олар жалпыхалықтық референдум өткізуді немесе Атом электр станцияларын салуға мораторий жариялауды талап етті.

Бүгінгі күні біздің ойымызша, электр стансасының құқықтық негізі, техникалық-экономикалық негіздемесі, сауатты қаржылық есептері, АЭС қанша тұратыны, оның бұл дағдарыс кезінде Қазақстан халқына қандай шығын әкелетіні туралы жұртшылық үшін ашықтық жоқ. Референдум бола ма, жоқ па, бірақ Атом электр станцияларын салуға тыйым салып, мораторий жариялау керек, өйткені бізге керек  заманауи, арзан және экологиялық таза балама көздер бар, – деді журналист Анар Аққозы.

Экономист Марат Абдурахманов Атом электр стансасын салудың орнына күн батареясы мен жел қондырғыларын салу экономикалық тұрғыдан тиімді болатынын айтты.

Қоғам белсендісі Мейірхан Әбдуманапов маңында Атом электр стансасы салынады деген Балқаш көлінде су тапшылығына алаңдап отыр.

Балқаш көлі шағын, бірақ соған қарамастан оның жағдайы еліміздің бес аймағына әсер етеді. Ресей Атом электр станциясын салса, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Елге санкция салынды, олар басқа елдерден көп техника алды. Агрессор елмен келісімге қол қою өзімізге қауіп төндірумен бірдей, – деп есептейді қоғам қайраткері.

Адвокат Мәдина Күкетаева 22 тамызда Алматы облысындағы Үлкен ауылында өтетін қоғамдық талқылауларды заңсыз деп санайды және оның пікірінше, қауіпсіздік мәселесі бәрінен де маңызды.

АЭС-ке техникалық қызмет көрсету қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Біз тұрғын үй құрылысында қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаймыз, Жылу электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз. мұндай жағдайда қандай Атом электр станциясы туралы айтуға болады? – дейді Мәдина Күкетева.

22 тамызда Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді. Бұған дейін ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда Атом электр стансасын салу туралы шешім халықтың пікірін ескерусіз қабылданатынын және бұл мәселені референдумға шығармайтынын айтқан болатын.

Кейін «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда Атом электр стансасын салудың орындылығына күмән келтірді. Ол нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін мемлекет белгіленетін тарифті көтере алатынына сенімді емес, өйткені оның құны бірнеше миллиард, тіпті ондаған миллиард доллар болуы мүмкін.

Ал бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда Атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданса, тұрғындардың пікірі ескерілетініне сендірді. Сондай-ақ, ол АЭС салу мәселесін қолдайтындар саны айтарлықтай артқанын, өйткені тұрғындар жобаның технологиялары мен қауіпсіздігі туралы ақпарат алғанын алға тартады.

Arasha.kz

ФОТО: Azattyq Rýhy

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.