
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Үкімет делегациясы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында делегация өңірдегі бірқатар нысанды, соның ішінде Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалы жұмысымен танысты.
Әрі қарай Роман Скляр делегация мүшелерімен Қызылорда қаласында жүзеге асырылып жатқан «Жолаушылар вагондарын жөңдеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон құрастыру зауыты» жобасы таныстырылды. Жобаға 15,4 млрд теңге инвестиция тартылып, оны іске асыру екі кезең бойынша жүзеге асады.
Роман Скляр сонымен қатар Қызылордадағы жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Жобаның құны – 215 млрд теңге, қуаты – 240 МВт. Бүгінгі таңда инвестор – «Ақса Энерги» түрік компаниясы нысанның құрылысына 135 млрд теңгеден астам қаржы салды. Жаңа ЖЭО іске қосылған кезде өңірді электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, өңірде шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнес субъектілері үшін инфрақұрылым мәселелерін шешуге ықпал етеді.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр облыста атқарылған жұмыстарды атап өтіп, Қызылорда өңірі республиканың оңтүстігінде экономикалық өсімнің драйвері болуға тиіс екенін атап өтті.
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025
-
20.02.2025