Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ағзаны сауықтыру – «Оқжетпес» шипажайының негізгі бағыты. Кейінгі жылдары мұндағы емдеу шаралары да, сауықтыру бағдарламасы да қазақи нақышпен қанықтырылып жатқаны туралы жиі айтылып жүр.
«Оқжетпес» – тарихы 1964 жылдан басталатын елдегі ең байырғы санаторилердің бірі. Совет заманының қарабайыр сәулет стилімен салынған, бөлмелері ыңғайсыз үш қабатты ғимарат қазір адам танымастай өзгерген. Айналасына жаңа емдеу ғимараттары жайғасып, бір кездегі сұсты шипажай қазір тән мен жанға қатар жайлылық сыйлайтын аялы қонысқа айналған. Бұл кешен – Қазақстанды қойып, Орталық Азиядағы European Quality Award сертификатын алған алғашқы санаторий. Былтырдың өзінде мұнда 10 мыңнан астам демалушы келген. Шипажай өкілдері келушілердің 99%-ы жағымды әсермен, алғыс жаудырып қайтатынын айтады.
Биыл шипажай «Kazakh Nomad Resort» тұжырымдамасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы халық медицинасын ұсынады. Оған: табиғи емдік шөптермен емдеу, қымыз терапиясы, киіз үйдегі релаксация кіреді. Одан бөлек, шипажай аумағындағы этно-ауылда әр бейсенбі қазанда пісірілген ыстық бауырсақ, садақ ату ұйымдастырылған.
Одан бөлек, әр бөдме қазақи интерьермен сәнделген. Мұның бәрі – Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының бір бөлшегі. Қазақи стильде безендірілген бөлмелер, қымыз, бауырсақ, жент пен жаңа ұйытылған айран Kazakh Nomad Resort тәсілінің шипасына тән мен жанды қатар иландырады.
Біз қазақ мәдениетінің ең бай элементтерін, дәстүрлерін қызметімізге, тамақ мәзіріне, бөлмелерді нақыштауға пайдаландық. Көл жағасындағы 100 метр сайын орнатылған тақтайшалар арқылы сейіл құра жүріп емдік серуенге қалай бойлап кеткеніңізді аңдамай қалуыңыз мүмкін. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббат хикаясы да осы тақтайшаларда бейнеленген. Әр тақтайша қазақ тарихының бір кезеңін суреттейді. Мұның бәрі тән мен жанды қатар емдеу үшін ойластырылған, – дейді «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Яков Стерлигов.
Kazakh Nomad Resort тұжырымдамасының маңызды жаңалығы – киіз үй терапиясы. Санаторий аумағында психологиялық арылуға арналған киіз үй-бөлме жайғасқан. Келушілер киіз үйдің шипалы ауасымен тыныстап, денені босаңсытатын саз тыңдайды, медитация жасап, от тұтатып, оның хош иісінен ләззат алады.
Arasha.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024