Оған себеп, қала қарқынды дамып жатыр. Индустриалды аймағында көптеген жаңа өңдіріс орындары бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар-24» арнасы.
Зауыттар экономиканың әр секторына қажетті өнім шығарады. Соңғы жылдары өндіріс көлемі 2,5 есеге артқан. Бұрын тек кен орындарына тәуелді болған қаланың бүгінгі жайлы Дәуренбек Бағдәулетұлы айтып берсін.
Саран қаласындағы резина техникалық бұйымдар зауыты қазір автобус құрастырып жатыр. «QazTehna» зауытына 12 млрд теңгеге жуық инвсетиция құйылған. Зауыт жылына 1 200 қоғамдық көлік жасап шығарады. Жаңа жұмыс орындары ашылды.
Бұл зауыттарды салып жатқан біздің өз азаматтарымыз «Allur» деген компания дейді. Аллаға шүкір солардың бізде жанашырлықпен жұмыс орындарын ашып жатқандарына қуаныштымыз. Жұмыс орындары, зауыт ашылып жатыр, оқу орындары. Балабақша мен мектеп орындары, көшеде жүретін қозғалыс техниканың барлығы ыңғайлы – дейді Саран қаласының тұрғыны Мұхаммедқали Салықов.
Қалаға көшіп келіп жатқандар көп. Оларға баспана қажет. Сондықтан біраздан бері қараусыз қалған РТИ ауданы қайта жаңғыртылып жатыр. Бүгінде 2 көпқабатты үйге тұрғындар қоныстанды. Тағы екеуі жақында пайдалануға беріледі. 20 үй қайта салынса, оның 16-сы бизнес өкілдерінің есебінен жөнделеді.
Мен өзім автобус зауытында жұмыс істеймін. Жаңа зауыттар келгелі көп дүние өзгерді. РТИ ауданы қалыпқа келсе, тұрғындар саны да артар еді. Себебі жұмысы да баспанасы да болады – дейді Саран қаласының тұрғыны Борис Гребенников.
Жаңа зауыттар бой көтергелі қаланың инфрақұрылымы да қалыпқа келтірілді. Оң өзгерістерді тұрғындар да байқаған.
Саран өте жақсы қала. Көркейіп келеді. Шина зауыты жұмыс істеп жатыр. Көшіп келіп жатқан адамдар көп Саранға. Өте жақсы қала, өзіме ұнайды – дейді Саран қаласының тұрғыны Ерсін Иманқұл
80 мың адам болған бұрынғы уақытта. Қазір енді соған қарай келе жатырмыз. Зауыт РТИ жақта неше үйде қалыпқа келтірді. Онда да жұмыстар істелді. Жарықтандыру да бар – дейді Саран қаласының тұрғыны Жұмабике Тоқышева.
Индустриалды аймақта 4 ірі жоба жүзеге асып жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі 250 млрд теңгеге жуық. Жұмысты бастап кеткен зауыттарда 1300 адам еңбек етіп жатыр. Олардың қалада және шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар.
Arasha.kz
ФОТО: скрин
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024