18-09-23 |
2700 рет қаралған
Шахтадағы өртке Миттал кінәлі – министрлік.
Шахтадағы өртке Миттал кінәлі – министрлік

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында болған өртке 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі екенін айтты.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталып, заңды бұзған 28 жауапты тұлға анықталды, – деді Шәріпханов брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 17 тамыз күні таңертең Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға (АМТ) қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенген болатын. Бұл кезде шахтада 227 адам болған. 13 адам медициналық көмекке жүгінді, оның алтауы ауруханаға жатқызылды. Өрт салдарынан 5 адам көз жұмды.

Arasha.kz

ФОТО: inkaraganda.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.