Алакөлде алапат өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер биліктен көмек сұрайды. Кәсіпкерлер демалушылардың қауіпсіздігіне жүрдім-бардым қараған шенеуніктердің кесірінен, жылдар бойы маңдай термен тұрғызған кәсібімізден айырылдық деп отыр. Шығынға батқан кәсіпкерлермен Информбюро кездесті.
Алакөлдегі кәсіпкерлердің шенеуніктерге өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, Алакөлдің басында билік тарапынан төтенше жағдайға еш дайындық жасалмаған. Бір күнде жиырма-отыз мың адам суға түсетін көлде құтқаруға арналған екі қайық қана бар. Ал, өрт сөндіру көлігі тіпті жалғыз. Соның кесірінен өткен аптада көл жағалауында қаз-қатар тізілген демалыс орындары бірінен соң бірі өртенді дейді кәсіпкерлер. Ең сорақысы, тұтанған отты өшіруге шалғайдағы аудандардан тартылған өрт сөндіргіштер тек түн ортасында бірақ жеткенін айтады.
“Үржардан ғана арасы екі жарым, үш сағаттағы пожарныйлар әзер жетті. Ол кезде уже барын жалмап біткен уақыт. Ал енді олар осы жерде тұрғанда айтып отырмын ғой, мынадай жағдай болмас еді. Кетсе бірақ корпус қана кетуі мүмкін еді”, – дейді кәсіпкер Қыдырхан Нөкербеков.
“Егер қауіпсіздік шаралары сақталған болса, қауіпсіздігіміз үкіметтен қорғалған болса, бұндай күй кешпеген болар едік. Өрт жарты сағаттың ішінде, не 10-15 минуттің ішінде сөнер еді. Себебі өрт сөндіргіш машина келіп, оның шлагілері жыртық. Одан су ақпай, ол шлагісін қосып жатқан кезде оның ішінде суы жоқ болып шығып, барлық ауқымды біздің басқа зоналардың бәрін алып кетті”, – дейді кәсіпкер Мәрия Жүніс.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер Алакөлдегі арбаттың бойында өртенген демалыс орындарына өрт сөндіру көліктері блок бекеттерден кіре алмай сағаттап уақыт жоғалтқанын айтады. Мұны да биліктегілер дұрыс ойластырмай, құрылыста қате жіберген деп отыр.
“Бұл жерде расында пожарный депоның жетіспейтіні рас, ол мәселені біз осыдан үш жыл бұрын жобалық сметамызды жасап, жерін сұрап, қаражат сұрап келгенбіз. Үкімет шамасына карай бөлінеді деп отыр”, – дейді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024