14-12-18 |
3930 рет қаралған
Өскемен қаласында Тұрақтандыру қорының өнімдері өтпей жатыр.
Өскемен қаласында Тұрақтандыру қорының өнімдері өтпей жатыр

Жоспар бойынша қараша айының басынан бері 520 тоннадан астам картоп сатылуы тиіс болса, бүгінгі күні оның тек 54 тоннасы саудаланған. Тұрғындар тарапынан қор өнімдерінің сапасына қатысты да арыздар аз емес деп хабарлайды arasha.kz Алтайньюсқа сілтеме жасап.

Өскемен қаласы әкімдігі отырысында мәлім болғандай, қор өнімдерінің өтпей жатуына бір бұл ғана себепші емес. Оған нарықтағы көкөністер бағасының төмендігі де әсер еткен.

– Өнімдер жақсы жағдайда сақталған. Оларды қалаға жеткізетін көліктер де 30-40 градустардағы аязға шыдас беретін заманауи үлгіде. Тұрақтандыру қорының павильондарына сапасыз өнімнің қайдан келіп жатқандығын анықтау керек. Білуімізше бұған саудагерлердің де қатысы бар. Картоптарды іріктеп, ұсағын қордыкі деп арзан бағамен, ірісін басқа бағамен сату фактілері бар. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының павильондары мен сауда орындарындағы нүкетелеріне көтерме сауда орындарынан кіретін сапасыз өнімдер саудагерлерге тиімсіз болғандықтан қордыкі деп сатылуы мүмкін,-дейді «Приречьное» агрофирмасының басшысы Мұхит Тұмабаев.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қалағы тиесілі қор өнімдерінің саудасын ширату қажеттігін, ол үшін өнімдерді бюджеттік ұйымдардың асханаларына, ауруханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына ұсыну керектігін атап өтті. Сондай-ақ, өзінің орынбасар Елене Литвиноваға өнімдердің сапасының төмендеуіне қандай факторлар әсер етіп жатқандығын анықтауды тапсырды, -деп жазады Алтайнюс.

Тұрақтандыру қоры әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қаржыландырылады. Тұрақтандыру қорлары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үкімет жыл сайын бекітетін тізім бойынша шаруалардан сатып алып отырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.