Есіл өзеніндегі тасқын шыңы қазір Петропавл қаласының маңында орналасқан жайылма учаскесіне сай келетін су басу аймағында саяжайы бар облыс орталығының тұрғындарын ескерту бойынша жұмысты бірнеше есе күшейтуге түрткі болды.
Петропавл қаласы ТЖ басқармасы мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің мамандары күн сайын қауіпті саяжай учаскелерін аралап, кездесулер өткізіп, жадынамалар таратады, ТЖ қауіпінің туындауы жағдайда хабарласу мүмкін болатын тәулік бойғы 112 телефоны туралы ескертеді.
Су тасқыны басталғаннан бері саяжай учаскелерінде судың көтерілуі және балық аулау қаупінің алдын алу туралы ақпарат бірнеше рет телевизиялық эфирде айтылып, облыстық және қалалық газеттерде жарияланды, Департаменттің әлеуметтік желілерінде, СҚО ТЖД сайтында орналастырылды.
Өткен 18 сәуірде СҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаевтың басшылығымен «Элегия», «Электрон» саяжай қоғамдарының, сондай-ақ осы табиғи құбылыс күтетін кооперативтерді моторлы қайықтармен аралау тиімділігін көрсетті. Саяжайларда Департамент қызметкерлері бірең-сараң адамды ғана кездестіре алды, олар өз құрылыстарын су жолына дайындап жатыр. Олармен әңгіме жүргізілді, жадынамалар таратылды, 112 құтқару қызметінің телефоны айтылды.
«Есіл өз жағалауына оралғанша бізге әлі көп жұмыс қажет. Қазір біздің басты міндетіміз – төтенше жағдайларға жол бермеу. Бұл үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз!», — деп атап өтті рейдтің белсенді қатысушыларының бірі, І дәрежелі құтқару станциясының бастығы Сергей Черкасов.
Сондай-ақ, облыс орталығының Заречный кентіне жақын автожолдар учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Автокөліктердің жүруіне шектеу енгізілуіне байланысты, осы елді мекенге жақын жерде Департамент қызметкерлерінің қатарынан пост қойылған, жоғары өтімді автокөлікте тәулік бойы кезекшілік атқарылуда.
Сондай-ақ, ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасынан су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында Есіл өзенінің бойында орналасқан елді мекендердің: Қызылжар ауданының Бәйтерек, Тепличное, Соколовка, Долматово ауылдарының, Петропавл қаласы тері зауытының ауданы маңында бақылау бекеттері қойылды.
Су тасқыны кезінде ТЖ алдын алу және жою мақсатында СҚО ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында тәулік бойы жедел штаб жұмыс істейді. Жағдай тұрақты бақылауда.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024