Қызылжар қаласын және Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауылын қарғын су басу қаупі төніп тұр.
«Су басу аймағына 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді. 12 – сәуірден бастап облыс орталығына дейін үлкен судың келуі болжанып отыр», – деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.
20 -наурыздан бастап өңірде Жедел штаб ашылды. Аймақта қар ерімеген аумақ 38% – дан 50% – ға дейін жетіп отыр. 262 елді мекенде су басу қаупі сақталуда. Қазірдің өзінде 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар. Қолда бар ауыр техника аудандарға берілген. Жолдарда 59 су толып кету жағдайы тіркелген, дәл қазір 36 жағдай бар. Жол төсемінің 6 учаскесі ашылды. Су айдау жұмыстары жүргізілуде. 165 шақырым арық тазартылып, кеңейтілді және тереңдетілді. 101,6 шақырым канал, 60 мың дана қап дайындалып, оның 38 мың данасы төселді.
1008 адам және 213 бірлік техника, 94 мотопомпалар және 6 жүзу құралдары жұмылдырылған.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024