Солтүстік Қазақстан облысы ауыл әкімі сайлауын өткізуге дайын. Өңірде ауыл әкімін сайлау барлық ауылға қатысты емес екені айтылды.
Өңірде барлығы 13 ауыл, аудандық маңызы бар төрт қала және 190 ауылдық округ бар. Алайда осы жолы сайлау төрт жылдық өкілет мерзімі аяқталған және өз қызметін мерзімінен бұрын бітірген ауыл округтері әкімдерінің арасында өтеді.
«Енді аудандық комиссия тұрақты жұмыс істейді. Егер ауыл округіндегі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталса немесе ол қызметтен кету туралы шешім қабылдаса, бір айдың ішінде сайлау комиссиясы сол ауылдық округінің әкімін сайлау өткізеді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сергей Калинин.
Оның айтуынша, сайлау 25 шілдеде облыстағы 218 елді мекенде өтеді. Науқанға 174 учаскелік сайлау комиссиясы тартылды.
Облыста ауылдық округ әкімі қызметіне кандидаттарды ұсыну 26 маусымда басталды. 8 шілдедегі соңғы мәлімет бойынша, 225 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Оның ішінде Nur Otan партиясынан – 58, «Ауыл» – 3, «Ақ жол» – 2, «Адал» – 3, Қазақстан халық партиясы – 5 және 154 азамат өзін-өзі ұсынған.
«Кез келген адам өзін-өзі сайлауға қатысушы кандидат ретінде ұсына алады. Бірақ осы округтегі сайлаушылар даусының 1%-інің келісімін алуы керек. Егер тіркеу аяқталған кезде тізімде тек бір ғана адам болса, ал сайлау тек дауыс беру арқылы өтетіндіктен, аудан әкімі тағы екі кандидатураны ұсынуға құқылы. Сайлауда жеңу үшін басым дауысқа ие болу қажет. Егер үш кандидат болса, кім көп дауыс жинайды, сол ауылдық округ әкімі болады» – деп түсіндірді Сергей Калинин.
Әрбір кандидатқа өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірлеу және ұсыну үшін 220 мың теңге беріледі. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл әкімдерінің сайлауына республикалық бюджеттен 190 миллион теңге бөлінеді. Бұл соманың 70%-і сайлау комиссиясы мүшелеріне жалақы төлеу үшін жұмсалады.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024