Солтүстік Қазақстанда үй құстарының көзі жойылып жатыр. Құс тұмауы анықталған.
Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Індет анықталған Мағжан Жұмабаев ауданындағы Лебяжье ауылын республикалық комиссия келіп тексерген.
«Инфекция ошағын дер кезінде оқшаулау үшін елді мекен аумағына дезинфекциялық бекеттер орнатылды. Енді ауылға кіріп-шығатын көліктер дезинфекцияланатын болады. Ал індеттің таралуын болдырмау мақсатында ауру ошағындағы барлық үй құстарының көзін жою қолға алынды. Олардың иесіне өтемақы төленеді», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 21-26 қыркүйек аралығында Мағжан Жұмабаев ауданында мыңнан аса үй құсы қырылды. Зертхана сынамасы оған құс тұмауы себеп болғанын анықтады. Қырылған құстардың барлығы өртелді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024