Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйден шыққан өрт кезінде төрт адам қайтыс болды. Оның бірі үш жасар бала. Өртенген үйде газ баллоны жарылған.
Оқиға 11 ақпан күні таңда тіркелді. СҚО төтенше жағдайлар департаментіне Булаево қаласында ағаштан соғылған жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.
«Өрт сөндіру бөлімі келген кезде үйдің шатыры отқа оранып, қою түтін шығып жатты. Көп ұзамай газ баллон жарылып, шатыр құлады. Өртті сөндіру кезінде 1993 жылы туған үй иесінің, оның 1992 жылы туған әйелінің, олардың 2017 жылы туған ұлының және әйел адамның (қайтыс болған үй иесінің қарындасы болуы мүмкін) жансыз денесі табылды», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.
Үй толығымен жанып кетті. Құтқарушылар өртті жеті сағаттан кейін толықтай сөндірді.
Отбасы әлеуметтік осал топтарға жатпайды. Қайтыс болған ерлі-зайыптының қызы ғана аман қалды. Жасөспірім сол күні әжесінің үйінде түнеген.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024