24-06-19 |
2980 рет қаралған
Арыста бұрын болған жарылыстардан 7 адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен.
Арыста бұрын болған жарылыстардан 7 адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен

Он жыл бұрын, 2009 жылы наурызда Арыстағы қоймада жарылғыш заттар жарылып, сақтаулы тұрған қару-жарақ атылған. Оқиға кезінде төрт адам қаза тауып, жиырмаға тарта адам жапа шеккен еді, – делінеді Азаттық келтірген деректерде. Ол кезде ресми билік жарылысқа қоймадағы қарудың дұрыс сақталмауы мен жарылғыш затпен дұрыс жұмыс істемеу себеп болды деп мәлімдеген.

2014 жылы Арыс қаласындағы «Қазақжарылысөнеркәсібі» акционерлік қоғамы аумағында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан.

2015 жылы қарашада қаладағы полигон аумағында жарылыс болып, бір адам мерт болды. Ресми ақпарат бойынша, жарылыс әскери оқ-дәрілер мен өндіріс қалдықтарын жою кезінде болған.

Бүгін таңертең Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, қала халқын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. «Азаматтар қауіпсіз жер ретінде ашылған 15 пунктіге жеткізіледі» делінеді жергілікті басылымдардың хабарында.

Түркістан қаласы әкімдігі зардап шеккендер туралы ақпарат анықталып жатқанын хабарлады. Қазақстан қорғаныс министрлігі «қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ» деп мәлімдеді. Ведомство апат себептері анықталып жатқанын айтады.

Түркістан облысының әкімі басшылық ететін жұмыс тобы құрылған. Телефон арқылы азаматтарға арналған арнайы желі жұмыс істейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.