Еліміздің Статистика комитеті үстіміздегі жылдың II тоқсанына тиесілі халықтың табыс пен шығысын саралау туралы мәліметер берді. Соған сәйкес, 2019 жылғы II тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкені Түркістан (11,2%), Жамбыл (5,8%) және Солтүстік Қазақстан (5,1%) облыстарында,байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (0,9%) қаласында тіркелді.
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2019 жылғы II тоқсанда 4,3% – ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2019 жылғы II тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,6 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,9 есені құрады.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 354 бірлескен бұйрығы).