16-09-19 |
1220 рет қаралған
Шөкеев басқаратын Түркістан облысында кедей көп.
Шөкеев басқаратын Түркістан облысында кедей көп

Еліміздің Статистика комитеті үстіміздегі жылдың II тоқсанына тиесілі халықтың табыс пен шығысын саралау туралы мәліметер берді. Соған сәйкес, 2019 жылғы II тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкені Түркістан (11,2%), Жамбыл (5,8%) және Солтүстік Қазақстан (5,1%)  облыстарында,байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (0,9%) қаласында тіркелді.

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2019 жылғы II тоқсанда 4,3% – ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен.

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен,  2019 жылғы II тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,6 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,9 есені құрады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы  мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 354 бірлескен бұйрығы). 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.