05-05-24 |
32040 рет қаралған
Астана мен Павлодарда терроризмді насихаттағандар ұсталды.
Астана мен Павлодарда терроризмді насихаттағандар ұсталды

Осы жылдың 2-3 мамырында Астана және Павлодар қалаларында терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматын ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктелуде. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды», – делінген хабарламада.

Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.