15-03-21 |
1630 рет қаралған
Елімізде жаңа аудан пайда болды.
Елімізде жаңа аудан пайда болды

Түркістан облысында Сауран ауданы пайда болды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды деп хабарлайды, Arasha.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа 12 наурызда қол қойған.

«Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.», – делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысы 2018 жылдың маусым айында қайта құрылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.