Бұл сұрақ Қарағанды облысы Мәдениет басқармасы басшысы Еркебұлан Жұмакеновқа бағытталған.
Сұрақ қоюшы тарихшы-зерттеуші Әділет Жағыпар.
Өткен аптада Қарағанды облысының мәдениет басқармасы ұйымдастыруымен Қарағанды облысының Шет Ауданында «Талды – әлемдік өркениеттердің тоғысында» атты I халықаралық тарихи археологиялық-этнографиялық фестиваль өтті. Аты да, заты да бөлек дүние және фестиваль өткізу мақсаттары дұрыс, құптарлық іс болғаннан кейін арнайы шақырғаннан соң бізде 300 студентімізбен бардық. Визуалды тарихтың тамаша көріністерімен ежелгі заманның қойнауына апаратын ұлттық тарих пен ұлттық құндылықтар насихатталған тамаша іс-шара болды – дейді тарихшы.
Алайда ол бұл шараға барған жандардан тек қана осы фестивалды мақтап жазылған, мәдениет басқармасының басшысына арналған одаларды ғана көріп отырғанын жазады.
Оларды да түсінуге болады, кейбіреуі басшының орнында, кейбіреуі осы тендер аясында соны мақтап жазуға арнайы апарған жандар, ал көп бөлігі сол мәдениет саласында қызмет атқаратын жандар. Біткен іске сыншы көп деп те айтатын жандар болар, бірақ та менікі көргенді айту, ұйымдастырушыларға сол жерде айтып жауабын алмағаннан кейін қоғам талқылауына салуды жөн көріп отырмын – дейді ол.
Тарихшы осы шараны өткізуге бөлінген 35 миллонды қайда жұмсағандарын ашып жазып беруін сұрайды.
Өйткені осы шараны өткізуге 35 714 285.72 бір фирма тендер ұтқанын сол жерде білдік. Кейін сатып алу порталынан таптық. Осы шараны өткіземін деп ұтып алды деп көрсеткен жігітпен сөйлессем ол тек өзінің шетелдік ғалымдарды шақырып конференция өткізуге жауапты екенін ғана жеткізді. Өзіне сеніп осы тендер тапсырылған соң, соны орындап шықтым дейді. Басқада шаруасы жоқ екен. Бұл тендерді басқа адамның ұтып алғанын айтты, оны жоғарыдан өздеріңіз көре аласыздар. Ал ол адамды сол ұйымдастырып жүрген жандар маған айтпады, көрсетпеді немесе ол сол жерде Талдыда болмады – деп жазады Әділет Жағыпар.
Ол бұл жағдай «облыстағы мәдениет саласын басқарып отырған Еркебұлан Жұмакеновтің құйтыртқы әрекеті емес пе?» – деп күдіктенеді.
Мен мәдениеттің музей саласында бес жарым жылдай уақыт қызмет атқардым. Сондықтан да біраз адамды сырттай емес іштей білемін. Сол жерге келген мәдениет саласының мамандары – таныстарымның айтуынша Мәдениет басқармасы басшының пәрменімен осы жерден табылғандарын айтады. Ең қызығы бір күн бойы аш болғандарын айтпайды әрине. Сол күні айтқан – дейді ол.
Тарихшы сонымен қатар, Шет ауданы әкімшілігі осы шараға киіз үйлер тігу жөнінде ауылдық әкімдіктерге нұсқаулық берген екен, сонда 35 миллион теңге қайда жұмсалғанын сұрап отыр.
Мен бұл жерде біреудің еңбекпен тапқан ақшасын санап отырған жоқпын, халықтың салығынан жиналған ақшаның есебін білгім келеді және мемлекеттік сатып алу бойынша талаптардың барлығының орындалмағанын барып көргеннен кейін жазып отырмын, бары осы. Осы мәселені көтеретін облыстық депутат немесе облыстық қоғамдық кеңес мүшелері бар ма екен? – дейді тарихшы.
Arasha.kz
ФОТО: Дереккөз
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024