Біз
әлеуметтік
желіде
26-03-25 |
2910 рет қаралған
Талғарда өзен арнасынан шығып медициналық орталықты су басты.
Талғарда өзен арнасынан шығып медициналық орталықты су басты

25 наурызда толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шығып, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басты. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, су басудың негізгі себебі – өзен арнасының заңсыз тарылуы. Тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршаулар мен күркелер орнатқан, бұл судың өткізу қабілетін төмендеткен.

Салдарын жою және су басудың алдын алу мақсатында Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізуде.

«Жұмысқа Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарынан 15 адам, 5 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су ағымы тоқтатылды, заң бұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.