15-08-23 |
14440 рет қаралған
Үш облыста экономикалық көрсеткіш төмен.
Үш облыста экономикалық көрсеткіш төмен

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Премьер-Министр өткен 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы дамуының оң динамикасына нақты сектор айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.

Жалпы, 7 айдың қорытындысы бойынша Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім бар.

Ал, Атырау, Алматы және Ұлытау облыстарының көрсеткіштері төмен.

Жауапты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмыстарды күшейтуі тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Ол Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында орта мерзімді кезеңде жыл сайынғы экономикалық өсімді 6% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды.

Оның айтуынша, бағаның өсуін тежеу ​​де Үкіметтің басым бағыты болып қала береді. Осы жылдың ақпан айынан бастап республикадағы инфляция біртіндеп баяулады. Қабылданған шаралардың арқасында оны жылдық есеппен 14%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік туды.

Бұл ретте біздің алдымызда жыл соңына дейін инфляция деңгейін өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендету міндеті тұр. Инфляцияға негізгі үлесті азық-түлік өнімдері жалғастырып отырғанын ескере отырып, алдын алу шараларын уақтылы қабылдау қажет. Бұл үшін барлық қажетті мүмкіндік бар. Олар инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенінде көрсетілген, — деді Премьер-Министр.

Премьер-Министр алдағы 3 жылға арналған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын және бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шараларды уақтылы орындаудың маңызды екенін атап өтті.

Arasha.kz

ФОТО: KZgovernment

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.