Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысының маңында болған жарылыстың салдарынан қаза тапқандардың туыстарына наградалар табыстады.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен әкімшілік ғимаратында «Халық Қаһарманы» атағы мен ордені берілген марқұм ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары полковник Мейіржан Қақпасынұлы Аймановтың туыстарымен кездесті.
Бұған қоса, ҚК қызметкері Оразбек Дайраұлы Дәлібаев, ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, механик-жүргізуші сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және старшина Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков марқұмдардың отбасыларына III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.
Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Мейіржан Қаппасынұлы Айманов марқұмға «Халық қаһарманы» атағы мен ордені берілді.
Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары – жедел кезекшісі Александр Николаевич Микропуло (марқұм) І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Арнұр Серікұлы Темірболатовтың (марқұм), 3-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушылар – Елдос Қадырбайұлы Сандыбаевтың (марқұм) және Тәңірберген Құдайбергенұлы Төребековтің (марқұм) отбасыларына берілді.
Ермекбаев ҚР Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамының атынан көңіл айтты. Бүкіл отбасына және олардың кәмелетке толмаған балаларына қажетті әлеуметтік және материалдық көмек көрсетіледі.
Айта кетсек, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 15 адам көз жұмған еді.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024