А.Мәмин, Е.Біртанов, А.Аймағамбетов және Б.Сапарбаев 12 маусымда Жамбыл облысында/Фото:ҚР премьер-министрі баспасөз қызметі
Коронавирусқа шалдыққан Елжан Біртановпен соңғы уақытта кездескен ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқшауланып, үйінен жұмыс істеуге кірісті.
Кеше – 14 маусымда Елжан Біртанов өзінен коронавирус инфекциясы анықталғанын айтқан болатын. Ауруының симптомсыз емес екенін өкінішпен баяндаған.
Мәлім болғандай диагнозы расталар алдында ғана ол Жамбыл облысына үкімет басшысы Асқар Мәминмен бірге барған. Іссапарда министр респираторлық маска киіп жүрген. Десе де Асқар Мәмин, Бердібек Сапарбаев және Асхат Аймағамбетов COVID-19-ға тест тапсырып, талдамалары теріс нәтиже көрсетті. Бірақ қауіпсіздік үшін шенеуніктер оқшауланып, шалғайдан жұмыс істеуге кірісті.
«COVID-19 бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тесті оң нәтиже көрсетуіне байланысты Премьер-министр Асқар Мамин де тестілеуден өтті, нәтижесі – теріс», – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы да, әкім мен министр де онлайн жұмыстарын бастап кетті.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024