Жамбыл облысында полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы мақсаттағы жасақтары есірткі сатты деген күдікке ілінген полицейлерді ұстау үшін арнайы операция жүргізді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру кезінде олардың есірткі жинап, оны сату үшін Құмөзек ауылына аттанғаны анықталады. Заңсыз әрекеттің жолын кесу үшін арнайы операция жүргізілді. Ұстау кезінде қашқан күдіктілер Шу-Тараз автожолына қойылған кедергіні бұзып өтпек болады. Осының салдарынан блок бекетте көлікте отырған арнайы жастақтың қызметкері ауыр жарақат алды. Қаруланған үш күдікті ескерту ретінде атылған оқты елемей жылдамдықты асыра түскен. Арнайы топ қашқындарға оқ атып, күдіктінің екеуі жарақат алды. ҚР ІІМ мәлімдеуінше, олардың біреуі ауруханада қайтыс болады, екіншісіне стационарлық көмек көрсетіледі. Үшіншісі де ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Тергеудің мүддесі үшін бұл оқиғаға қатысты басқа ақпарат берілмейді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 297, 345, 362-баптары бойынша іс қозғалды», – дейді министрлік өкілдері.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024