23-01-21 |
2090 рет қаралған
Сапарбаев желіні шулатқан тараздық шенеуніктерді ұялтты.
Сапарбаев желіні шулатқан тараздық шенеуніктерді ұялтты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкімінен бастап, жылу тарату орталығы басшыларының жұмысын сынға алды. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерде бірнеше ай бойы ыстық су болмаған, деп хабарлайды  Arasha.kz.

Сапарбаев жергілікті шенеуніктердің жайбырақаттылығы ақылға қонымсыз әрекет екенін айтты.

«20 градус салқын болып еді, бітті. Жылу беру орталықтарының бәрі. Үйлердің температурасы төмен, түсіп кетті. Жылу орталықтары дер кезінде шара қабылдамайды. Әлеуметтік желі шулағаннан кейін, мен сізге тапсырма бергеннен кейін ғана қимылдайсыздар. Қыстың күні сіздің негізгі міндетіңіз – халыққа жылы су беру, көшелердің бәрін тазалау, көліктердің жүруі»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі Тараз тұрғындары ыстық сумен жыл бойы қамтылуы тиіс екенін қатаң ескертті. Мұны қалалық әкімдікке қазірден қолға алуды тапсырды.

«Не деген масқара! Облыс орталындағы көп қабатты үйлерге жылы су жоқ»,-деді Сапарбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.