Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Жарылыс кезінде ведомствоның 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
Нақтыланған мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр.Айта кетері, жарылыс кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.
Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар:
1. Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы;
2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
3. Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары;
4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
5. М.К.Айманов – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;
Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталуда. Жоғалған үш адам іздестіріліп жатыр.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024