07-12-21 |
1710 рет қаралған
Таразда болған дауыл 368 миллион теңгеге шығын келтірген.
Таразда болған дауыл 368 миллион теңгеге шығын келтірген

Жамбыл облысындағы дауыл кезінде бүлінген әлеуметтік нысандарды жөндеуге 368 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. 

 

17-18 қарашада Жамбыл облысында дауыл болып, көпқабатты үйлердің, мектеп пен балабақшалардың шатыры мен қоршауы қирады.

«Сол күндері жылдамдығы 22-38 м/с дауыл болды. Соның салдарынан 1200 нысанға зақым келді. Қазір басым бөлігі қалпына келтірілді. Олар көпқабатты жекеменшік тұрғын үйлер, 20-дан астам әлеуметтік нысандар. Көп бөлігін жергілікті кәсіпкерлер есебінен қалпына келтірдік. Күрделі зақым келген әлеуметтік нысандарға қосымша 368 миллион теңге қаржы бөлінді», – деді Жамбыл облысы әкімі.

Әкім зақым келген мектептер, мәдениет үйлері, медициналық пункттер толығымен қалпына келтірілді. 7 не 8 жекеменшік үйді осы аптаның аяғына дейін толық қалпына келтіретінін жеткізді.

Айта кетсек, Жамбыл облысында болған дауыл қала инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтірді. Салдарынан Тараз қаласында 5 көпқабатты тұрғын үйдің 50-200 шаршы метрі зақымданды. Сондай-ақ 12 мектеп, 4 бөбекжай-бақшаның 50-300 шаршы метр шатыры қираған. 

Қатты дауыл салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмды. 

Ауа райының күрт құбылуы салдарынан нысандардың жартысынан астамы электр қуатынан ажыратылды. Электр беру желілері, шатырлар, ағаштар құлап, автомобильдер бүлінді. 

Қала көшелерінде 45-тен аса үлкенді-кішілі ағаш, 12 аялдама құлады. 32 бағдаршам істен шықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.