Таразда канал жиегінен қапқа салынған адамның сүйектері табылды. Дене ұзақ уақыт жатып қалған болуы мүмкін. Мәйіттің ер адам немесе әйел адам екенін ажырату мүмкін емес. Полиция анықтау-тексеру жұмыстарын бастады.
Адамның қаңқасын Жасыл ел-Тараз мекемесінің қызметкерлері тапқан. Су каналының жағасындағы қамысты орып, қоқыстан тазартып жүрген ұмысшылар жерге көмілген қапты байқап қалады.
Күдікті көрінген қапты ашу кезінде тазалықшылар адам сүйектері жатқанын көрген. Марқұмға бірнеше жыл бұрын өлтірілген болуы мүмкін деген болжам жасалуда.
«Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024