30-12-20 |
1660 рет қаралған
Вакцина салдырған Сапарбаевты Назарбаев қабылдады.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады.

29 желтоқсан күні болған қабылдауда Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндаған.

«Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады» деп жазады елбасының баспасөз қызметі.

Жылдың ертең аяқталады. Сонда Жамбыл облысының әкімі 31 желтоқсанға дейін 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартпақ па? Назарбаевтың қабылдауына асығыс дайындалған кезде бәлкім әкімнің есебін дайындаған адам: «Жыл басынан бері Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған» деп айтқысы келген болуы да мүмкін.

Қалай болғанда да «осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады» дегенге мәлімет беруші де, мәлімет тыңдаушы да сенетін сынды.

Айтпақшы, Назарбаевтың қабылдауына дейін Сапарбаевтың коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы хабар тараған. Әкім вакцина алған соң ғана Назарбаевтың қабылдауына барды.

Arasha бұған дейін «Бердібек Сапарбаев Ақ ордадан гөрі, Кітапханаға көбірек иек артатын көрінеді» деп материал жазған еді. Әкімнің тура жаңа жыл қарсаңындағы «Кітапханаға» барғаны сол болжамның шындықтан алыс емес екенін көрсететіндей.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.