16-08-21 |
1650 рет қаралған
Жамбылда жаңбыр суы көпірді шайып кетті.
Жамбылда жаңбыр суы көпірді шайып кетті

Жамбыл облысында теміржол көпірін жаңбыр суы шайып кетті. Салдарынан алты жолаушы пойызы тоқтады. 

Жамбыл облысы Меркі ауданында қараралас жаңбыр болды. Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірі мен жергілікті жолды шайып кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан  жазды. 

«Су өткізетін жасанды құрылыс толықтай жұмыс істеп тұрды. Алайда су көп болғандықтан, теміржол көпірінің негізін шайып кетті. Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметі.

Жолаушылар пойызы кешігіп жатыр:

  • №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол;
  • №78 Маңғыстау – Алматы-2;
  • №42 Атырау – Алматы-2;
  • №23 Алматы-1 – Ақтөбе;
  • №29 Алматы -2 – Атырау;
  • №33 «Алматы-2 – Ақтөбе».

Толық ақпарат алу үшін вокзалдардың анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Алматы облысында толассыз жаңбыр ауыл жолдарын бұзды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.