24-05-19 |
8220 рет қаралған
Қазақстан сырттай сотталған ағайынды Рысқалиевтерді елге қайтармақ.
Қазақстан сырттай сотталған ағайынды Рысқалиевтерді елге қайтармақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның төрағасы Қайрат Сүнтаев сырттай сотталған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасы, бұрынғы  мәжіліс депутаты Аманжан Рысқалиевке қатысты ақпараттармен бөлісті.

Бюроның мәліметтері бойынша, шетелге қаржыны жасыру бойынша сот алды тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Рысқалиевтердің туыстарының Қазақстан және шетелдегі банктердегі қаржысын мемлекет қазынасына қайтару туралы шешім шыққан. Ағайынды Рысқалиевтер сырттай сотталып, 3 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді.  Сонымен қатар, Андоррадағы 14 миллион және Швейцариядағы 90 миллион долларды қайтаруға осы елдердің органдары көмектеспек.

» Айыптау актісіне сай, Бергей Рысқалиев мемлекетке 72 миллиард теңге зиян келтірген. Іс 754 томнан тұрады. 25 қаңтарда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бергей Рысқалиевті – 17 жылға, Аманжан Рысқалиевті 16 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті», – дейді Қ. Сүнтаев.

Сондай-ақ ол сырттай сотталғандарды экстрадициялауға қатысты барлық шаралар қолға алынатындығын айтты.

Айта кетейік, Бергей Рысқалиев осы аптаның басында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдинмен бірге Франция астанасы Париж қаласында еліміздің бір топ азаматтарымен кездесу өткізген.

Әкежен Қажыгелдин мен Бергей Рысқалиев Парижде кімдермен конференция өткізіп жатыр? (видео)

Ал сәуір айында Бергей Рысқалиевтің Ұлыбритания астанасы Лондон көшесінде жүрген видеосы желіге тараған. Ол туралы бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжанов түсініктеме берген:

“Өкінішке қарай, бізде Ұлыбританиямен қашып кеткен азаматтарды бір-бірімізге беруге қатысты келісім жоқ. Бірақ біздің барлық құқықтық сұрауларымыз Интерполға да, бәріне жан-жақты жіберілді” -деген ол.

Бас прокуратура Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты: біз ол видеоны көрдік

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.