Иран астанасының полициясы бұдан былай исламдық киім кимеген әйелдерді қамауға алмайды. Оның орнына түсіндіру орталығына жібереді.
«Тегеран таймс» газеті 28 желтоқсанда полиция генералы Хоссейн Рахимидің сөздеріне сілтеме беріп, ислам дресс-кодын кимеген әйелдер жауапқа тартылмайтынын хабарлады.
«Тасним» Иран ақпарат агенттігі әйелдер жауапқа тартылудың орнына арнайы лекцияға жіберілетінін жазады. Ережені екінші қайтара бұзған әйелдердің ғана жауапқа тартылатыны айтылған.
Рахимидің мәлімдеуінше, Тегеранда 100-ден астам дресс-кодқа байланысты кеңес орталығы жұмыс істейді. 1979 жылғы революциядан кейін, Иранда киім кию үлгісінде консервативті ереже орнатылды. Бұл ережеге сәйкес, Иранда әйелдер шашын жауып, ұзын, бос көйлек киюі керек.
Abai.kz
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024