Вьетнамға қонғаннан кейін түсірілген видеода Франция президенті ұшақтан түспей жатып шапалақ жеген сәті байқалды. Киім үлгісіне қарағанда, бұл соққыны оның жұбайы Брижит Макрон жасаған.
Францияның BFM RMC басылымының хабарлауынша, Елисей сарайы видеожазбаның шынайылығын растаған. Сондай-ақ, Брижит Макронның күйеуіне баспалдақпен түсу кезінде қолын ұсынудан бас тартқаны байқалған.

«Президентке жақын адам ерлі-зайыптылар арасында болмашы кикілжің болғанын айтты», – деп жазады француз басылымдары.
Осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде түрлі мемдер мен әзілдер тарап жатыр.