Трамп беделді университетке шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды. Қазір сонда оқып жатқан шетелдіктер басқа оқу орнына ауыспаса, елден депортациялануы мүмкін. Бұл шешім 140 елден келген 7 мың студентке қатысты.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәлімдемесінде былай делінген:
«Гарвард университетінің басшылығы антиамерикалық, террористік бағыттағы үгіт-насихат жүргізетін тұлғаларға адамдарды қудалауға және шабуыл жасауға мүмкіндік беріп, кампуста қауіпті жағдай қалыптастырды. Зардап шеккендердің арасында еврейлер де бар. Бұл агитаторлардың көбісі — шетелдік студенттер. Сонымен қатар, Гарвард басшылығы Қытай Коммунистік партиясымен (ККП) ынтымақтасып, олардың қарулы тобының — ұйғырларға жасалған геноцидке қатысы бар мүшелерін қабылдап, оқытқан», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Гарвардта «Болашақ» бағдарламасымен Қазақстаннан 7 студент оқыған. Енді оларға бұл мүмкіндіктен де айырылу қаупі төніп тұр — болашақ енді ол жерде болмауы мүмкін.