27-12-17 |
5740 рет қаралған
Хакер iPhone X құпия кілтін бұзатын бағдарлама ойлап тапты.
Хакер iPhone X құпия кілтін бұзатын бағдарлама ойлап тапты

Әзірге iPhone X смартфонының құпия кілтін белгілі бір уақытқа дейін ғана бұзуға болады. Себебі, смартфонды өшіріп, қайта қосқан сайын бұл әрекетті қайталап отыру қажет, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап.

Бағдарламашы Джонатан Левин iPhone X смартфонын ашуға көмектесетін алғашқы утилита ойлап тапты. Бұл процедураны iOS 11.0 операциялық жүйесімен жұмыс істейтін iPhone, iPad және iPod Touch сынды құрылғыларда орындауға болады.

 

Джонатан бағдарламаны ойлап табу үшін Google қызметкері Иэн Бир бірінші болып байқаған смартфонның кемшілігін пайдаланған. Әзірге смартфон кілтін тек уақытша ашуға болады. Себебі, процедураны смартфонды өшіріп-қосқан сайын қайталап отыру қажет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.